250 млн теңге шығын: Заңсыз алтын өндірген трансұлттық қылмыстық топ мүшелеріне қатысты іс сотқа жетті
20 тамыз, 2024


фото: yandex.kz
Ақмола облысының аумағында заңсыз алтын өндірумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топ мүшелеріне қатысты іс сотта қаралады. Бұл туралы Elordainfo.kz Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап хабарлады.
Ақмола облысында 2021-2023 жылдар аралығында бағалы металдарды заңсыз өндірген трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдікке ілінген 12 адамға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Қылмыстық топтың құрамында Қазақстан, Украина және Ресей азаматтары болған. Олар мемлекетке 250 миллион теңгеден астам шығын келтірген.
«Тергеу мәліметтері бойынша, қылмыстық топ «жер қойнауын геологиялық зерттеуге» лицензиясын алып, заңсыз алтын өндірумен айналысқан. Көлік прокуратурасы істі сотқа жолдады»,- делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 13:05
ALEM FEST 2025: Астанада өтетін іс-шара кезінде көлікті қайда қоюға болады

Бүгін, 08:04
Бүгінгі Астананың ауа райы болжамы

12 шілде, 2025
Астанада Мәңгілік ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

12 шілде, 2025
Елордада есірткіге қарсы күрес аясында балаларға спорттық тимбилдинг ұйымдастырылды