25 тамызға дейін елордадағы Жансүгіров көшесінің бір бөлігі жабылады

фото: Бақтыгүл Бурбаева
Астанада І.Жансүгіров көшесі бойынша Абылай хан даңғылынан Ш. Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіледі. Бұл туралы Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Осыған байланысты 23-25 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы айналып өту схемасына сәйкес іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылады.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 19:03
Елордалықтарға құстарды қоректендірудің зияны туралы ескертілді

Бүгін, 18:01
Елордада велосипед ұрлады деген күдікпен кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды

Бүгін, 17:42
Елордадағы «Шарапат» орталығында Республика күніне арналған іс-шара өтті

Бүгін, 17:27
«Классик ұстаханасы»: Астанада жазушы-драматург Ермек Аманшаевпен кездесу өтеді