00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада конкурдан ашық біріншілік өтіп жатыр

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада конкурдан ашық біріншілік өтіп жатыр
ашық дереккөз

Астанада Республика күні қарсаңында ат спортының конкур түрінен 50-ге жуық шабандоз бақ сынаған ашық біріншілік өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

 

Оған Астана, Қарағанды, Алматы қаларынан келген шабандоздар белгілі бір тәртіппен, белгілі бір күрделілік пен биіктіктегі кедергілерді еңсеру арқылы бақтарын сынауда.

Астана іргесіндегі «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінің аумағында  «Арғымақ» ат - сауықтыру спорт кешенінің ашылуына және Республика күніне арналған ат спортының конкур түрінен бірінші күнгі жарыс бастау алды. Алғашқы күні ашық біріншіліктің іріктеу сынына 50-ге жуық сәйгүлік қатысуда. Олимпиадалық тәртіпте шабандоздар үш түрлі санатта бақтарын сынайды: - «Ашық сынып санаты», «Жас жылқылар санаты гандикап» және «Балалар санаты», - деді ат спортының олимпиадалық түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы Аманжол Хасенов.

Біріншіге 12 жастан 15 жасқа дейінгі (қоса алғанда) балалар ал, екінші мен үшінші санаттар бойынша 16 жастан асқан шабандоздар қатысады.

Конкур ат жарысы ат спортының ішінде ең әсерлісі, қызығы және бейнелісі болып табылады.Бұл жарыста спортшы мен жылқының әртүрлі жағдайда және кездескен кедергілерден бағыт бойынша жүріп өткен жолы сыналады. Төрешілер жолдың жылдамдығы мен тазалығына мән береді. Әрбір құлаған кедергі үшін айыппұл секундтары бар. Жарыстың жалпы жүлде қоры шамамен 7 миллион теңгені құрайды. Барша елордалықтарды,  көрермен қауымды бізбен бірге жанкүйер болуға шақырамыз - дейді Аманжол Хасенов.

Спорт мамандарының айтуынша, конкур спорты олимпиада ойындары мен халықаралық əлемдік жарыстарда жанкүйерлері көп əрі өнердің шыңын бағындыратын спорт түрі болып саналады.

Менің есімім Ника. Мен ат спортымен үш жылдан аса айналысамын. Қарағанды қаласынан келіп тұрымын. Бүгінгі жарыс өте қызықты тартысты өтеді деп ойлаймын. Бүгін мен 120 см биіктіктегі кедергілер бойынша жарыс жолына шығамын. Қатысушылар өте көп. Арасында ең мықтылары  да бар. Жаңадан ашылып жатқан ипподром өте әдемі. Іші жарыс өткізуге сай.  Аттар тұратын қоралар да бар. Өзіме қатты ұнады. Бұл ипподромда бірнеше республикалық, халықаралық жарыстың бастамасы болады деп үміттенемін, - деді Қарағанды қаласынан келген қатысушы Сим Ника.

Айта кетейік, 25 қазан яғни, ертең жарыстың соңғы финал ойындары мен «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінің ресми ашылу салтанаты өтеді.

Спорт кешеннің ресми ашылуы сағат 11:00-ге жоспарланған. Жарыстың басты мақсаты – ұлттық және олимпиадалық спорт түрлерін кеңінен насихаттау, келешегі зор шабандоздар мен жылқыларды анықтау.

Сондай ақ, мерекелік шара аясында елорда тұрғындары үшін киіз үй тігіліп, көркем өнерпаздар ән мен күйден шашу шашып, концерттік бағдарлама ұсынады дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, Республика күніне арналған шара ертең де жалғасын табады.