00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада қаламгерлер арасында бильярдтан турнир өтті (ФОТО)

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада қаламгерлер арасында бильярдтан турнир өтті (ФОТО)
ашық дереккөз

Астанада Республика күніне орай «Elorda Aqparat» медиахолдингі қаламгерлер арасында бильярдтан турнир өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Турнирде үлкен, орта және кіші буын қаламгерлер қауымының өкілдері бақ сынады.

Ал додаға еркін пирамида сияқты түрлерінен әлемнің екі дүркін чемпионы Ернар Чимбаев төрелік етті.

«Астана ақшамы» газетінің бас редакторы Еркін Қыдырдың айтуынша,  көп жылдар бойы тасада елеусіз қалған турнир  қайтадан жанданып жатыр.

25 қазан еліміздің ең басты мерекесіне айналып жатыр. Соның құрметіне журналистер арасында алғаш рет осындай турнир өткізіп отырмыз. Өздеріңіз көргендей, Астанадағы қаламгерлер, үлкен жазушы ағаларымыз қатысып, жарыстың мәртебесін көтеріп жатыр, - деді  Еркін Қыдыр.

Жазушы, қоғам қайраткері Төлен Әбдік ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы арнайы жүлдемен марапатталды.

Ал, жазушы Уәлихан Қалижан Шерхан Мұртаза атындағы арнайы жүлдемен марапатталса, жазушы, ғалым, тарихшы Қойшығара Салғараұлы Ақселеу Сейдімбек атындағы арнайы жүлдеге ие болды.

Сонымен бірге сенатор Нұртөре Жүсіпке «Мерген» арнайы жүлдесі бұйырса, ақын Несіпбек Айтұлы «ең мәдениетті ойыншы» жүлдесін қанжығалады.

Танымал журналист Нұрділда Ораз турнирдің чемпионы атанды (200 мың теңге ақшалай сыйлық).

Жүлделі екінші орынды журналист Ахмет Қайратұлы иеленді (150 мың теңге).

Ал, жүлделі үшінші орын ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, журналист Жанарбек Әшімжан мен журналист Ербол Ерденбекке бұйырды (100 мың теңге).