Астанада балалар арасында шахматтан турнир өтіп жатыр
Елордада Республика күніне орай аула клубтарының тәрбиеленушілері арасында шахматтан турнир өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өтуде. Оған шахмат үйірмесі жұмыс істейтін аула клубтарының 30-дан астам тәрбиеленушілері қатысып жатыр.
«InterPro», «Темірлан» аула клубтарының қатысуымен шахматтан балалар арасында турнир өтіп жатыр. Республика күні қарсаңында осындай іс-шараға бірнеше буын өкілі қатысуда. Бұл мәдени және спорттық тұрғыдан өскелең ұрпаққа үлкен өнеге. Осындай бағыттағы іс-шаралардың тәрбиелік мәні зор, - деді «InterPro» клубының басшысы Тұрар Жұбанышқызы
Шахмат турнирінің міндеті – қатысушылардың логикалық ойлау мен есте сақтауды тапқырлықты жаттықтыру.
Сондай-ақ шахмат турнирі аясында концерттік бағдарлама өткізіледі. Ал турнир нәтижелері бойынша жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталады және қатысушыларға қатысқаны үшін құрмет грамоталар беріледі.