00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада Республика күніне орай мерекелік отшашу болады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада Республика күніне орай мерекелік отшашу болады
ашық дереккөз

25 қазан - Республика күні мерекесіне орай елордада отшашу ұйымдастырылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева, деп хабарлады Elorda.info.

Астанада демеушілік қаражат есебінен Республика күні мерекелік отшашу өтеді. Фейерверк 25 қазан күні сағат 21:00-де қаланың екі жерінде ұйымдастырылады. Атырау көпірі маңында (қала жағалауы) және Ботаникалық бақ аумағында. Ұзақтығы – шамамен 10 минут, яғни 3,5 мың рет атылады. Республика күніне орай қала тұрғындары мен қонақтарына арналған 200-ден астам түрлі форматтағы іс-шара өтеді. Мереке аясында елордада түрлі сала бойынша еңбек сіңірген қызметкерлер, еңбек ардагерлері, сондай-ақ батылдығымен көзге түскен азаматтар марапатталады, - деді баспасөз хатшы.