Елордада халықаралық «Шабыт» фестивалі өтіп жатыр
Елордада шығармашыл жастардың XXV халықаралық «Шабыт» фестивалі басталды, деп хабарлады Elorda.info.
Биыл байқау 25-ші рет өткізіліп отыр. Байқауға 16 мен 30 жас арасындағы орындаушылар қатысуда. Конкурс жеті аталым: «Скрипка», «АВАК» (альт, виолончель, контрабас), «Фортепиано», «Эстрадалық вокал», «Эстрадалық-музыкалық аспаптар», «Академиялық вокал», «Хорды дирижерлеу» сынды аталымдар бойынша өтеді.
Байқауға қатысуға 200-ге жуық өтініш келіп түскен. Фестивальге көптеген елден, атап айтқанда, АҚШ, Ресей, Македониядан білікті қазылар алқасы арнайы шақырылыпты.
Өнер додасына қатысуға еліміздің өңірлерінен ғана емес, Өзбекстан, Қырғызстан Ресей, Жапония, Америкадан 200-ден астам дарынды жастардан өтініштер келіп түскен.
Байқау бес күнге жалғасады.