00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада «Алжир» лагерінің көрмесі ашылды

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елордада «Алжир» лагерінің көрмесі ашылды
ашық дереккөз

Астанада қуғын-сүргенге ұшыраған қазақ зиялыларының тағдырынан хабар беретін құнды құжаттар мен заттар қойылған көрме жұмысын бастады, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

Жыл сайын біздің орталық «Алжир» мемориалды кешеніне арналған көрме ұйымдастырады. Мақсат – қазіргі және кейінгі ұрпаққа «Алжир» тарихы мен сол жылдары болған тарихты таныта түсу. Бүгінгі көрмеге ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының жеке заттары, оларға қатысты құжаттар, суреттері мен киім-кешек тағы басқа құнды дүниелер қойылған. Сондай-ақ, біздің орталық сол уақытқа тиесілі әлі ашылмаған дүниелерді зерттеуді қолға алмақпыз. Тағдыры «Алжир» лагерімен байланысты тұлғаларға қатысты әлі ашылмаған қаншама дүние бар, - деді МСМ Сирек кітаптар және қолжазбалар ұлттық орталығының директоры Жандос Болдықов.

«Алжир» мемориалды кешенінен әкелінген тарихи құнды жәдігерлер, құжаттар мен заттар көрмесін қала тұрғындары мен қонақтары тегін тамашалай алады.

Көрме қазан айының соңына дейін жалғасады.

Өздеріңіз білетіндей, «Алжир» лагері қаланың сыртында орналасқан. Көлік мәселесі бар, екінің бірі барып тамашалай алмайды. Осыған орай біз келушілерге ыңғайлы болуы үшін көрмені қалаға алып келіп, ұйымдастырып отырмыз, - деді ол.