00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада «Мәміле» қазақ тілі клубының кезекті отырысы өтті

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Астанада «Мәміле» қазақ тілі клубының кезекті отырысы өтті
ашық дереккөз

Достық үйінде «Мәміле» қазақ тілі клубының кезекті отырысы өтті. Клубқа елордалық ҚХА этномәдени орталықтарының өкілдері қатысты, деп хабарлады Elorda.info.Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Айта кету керек, «Мәміле» клубы 2019 жылдан бастап этномәдени орталықтардың өкілдері үшін мемлекеттік тілде еркін және ауызша сөйлеуді қалыптастыру мақсатында жұмыс істейді.

Бүгін біз мамандықтар туралы тақырыпты зерттедік, өткен сабақты қайталадық және жаңа сөздермен таныстық. Мемлекеттік тілді оқыту тіл мәдениетінің деңгейін және мемлекеттік тілдің беделін арттыру, төлеранттылық пен қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру, сондай-ақ қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту мақсатында жүргізіледі. Клуб әр түрлі ұлт өкілдерін ғана емес, сонымен қатар әр түрлі жастағы адамдарды біріктіруге мүмкіндік береді, – деді Астана қаласы әкімдігінің тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Руханият» КММ оқытушысы Сагим Естемісова.

Астана қаласының корей этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Роза Пак қазақ тілі клубының кезекті отырысы жайлы пікір білдірді.

Мен алғаш рет ауызекі қазақ тілі клубына қатысып отырмын. Жаңадан бастағагдықтан бәрі бірден түсініксіз болды, өйткені қатысушылар арасында мемлекеттік тілде сөйлей алатын жалғастырушылар көп. Тілдік кедергіге қарамастан, маған осы клубтың оқыту әдістемесі мен идеясы ұнады. Адам өзі тұрып жатқан елдің мемлекеттік тілін білуі тиіс деп санаймын. Қазақ тілін қызығушылықпен және қуана үйренемін, – деп өз пікірімен бөлісті Роза Пак.