Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтеді
2022 жылғы 22 қыркүйекте сағат 10:00-де Астана қаласы мәслихатының жетінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады, деп хабарлады Elorda.info.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
1. «Нұр-Сұлтан қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 114/16-VIІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. «Нұр-Сұлтан қаласын 2030 жылға дейінгі жылумен жабдықтау схемасын бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №475/60-VI шешіміне толықтыру енгізу туралы.
3. «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы №373/47-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4. «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы №118/16-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.