00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада учаскелік полиция инспекторлары «Аулада қабылдау» акциясын ұйымдастырды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада учаскелік полиция инспекторлары «Аулада қабылдау» акциясын ұйымдастырды
ашық дереккөз

«Полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидатын, сондай-ақ «полицияның сервистік моделін» іске асыру мақсатында полицейлер «Аулада қабылдау» акциясын қайта бастады, деп хабарлады Elorda.info

Іс-шара дәстүрлі түрде тұрғын үйлердің аулаларында өтеді, онда полиция қызметкерлері тұрғындарға әртүрлі мәселелер бойынша кеңес береді.

Бүгін Алматы ауданының учаскелік инспекторлары сағат 17.00-ден бастап Қалдаяқов көшесіндегі үйдің ауласында қабылдау өткізеді. 

Елорданың сол жағалауында акция сағат 17.30-дан бастап, Е-16 көшесі, 4 үй мекенжайында басталады.

Құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығын бұзғаны үшін жазаның бұлтартпастығы елордалық полицияда бірінші кезекте тұр. Полиция мен тұрғындардың жемісті ынтымақтастығы арқылы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдарға уақтылы көмек көрсету және олардың тәртіп сақшыларына деген сенімі басым болып табылады.  Азаматтардың әрбір өтініші бақылауға алынып, тексеру жүргізіліп, уақтылы шаралар қабылданатын болады. 

 Акцияға аудандық жергілікті полиция қызметінің басшылары, ПИК және МИБ өкілдері қатысады.