00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы басталды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы басталды
ашық дереккөз

16-23 қыркүйек аралығында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру мақсатында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Полицейлер көліктік бақылау инспекциясының, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының аумақтық бөлімшелерімен, сондай-ақ қоғамдық бақылау өкілдерімен бірлесіп, жолға шығар алдында қалалық және мектеп автобустарының техникалық жағдайын тексеру бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Бұдан басқа, жүргізушілер мен автобустарды рейс алдында медициналық және техникалық тексеру, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауы бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Қоғамдық көлік, оның ішінде автомобиль таксилерді заңсыз қайта жабдықтау тұрғысынан тексеріледі, қоғамдық көлік аялдамаларында және маршруттық автобустар салондарында қалта ұрлығын болдырмау бойынша іс-шаралар жүргізілетін болады.