00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада енді жол ақысын QR-код арқылы төлеуге болмайтыны рас па

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елордада енді жол ақысын QR-код арқылы төлеуге болмайтыны рас па
ашық дереккөз

Мессенджерлерде елорда автобустарында QR-кодты сканерлеу арқылы жол жүру төлемі өшірілетіні туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

CTS баспасөз қызметі бұл ақпаратты жалған екенін мәлімдеді. QR-кодты сканерлеу арқылы қоғамдық көлікте жол жүру төлемі штаттық режимде жұмыс істейді және QR-кодты алып тастау әлі қарастырылмаған. 

Естеріңізге сала кетейік, елордада жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көліктік карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу арқылы.