00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін «ақылды» білезіктер қолданысқа енгізілуі мүмкін

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін «ақылды» білезіктер қолданысқа енгізілуі мүмкін
ашық дереккөз

Талқылауға қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі Қарақат Әбден, «Астана еріктілері Lider.kz» қоғамдық қозғалысының мүшелері мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында «Астана еріктілері Lider.kz» қоғамдық қозғалысының өкілдері ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін SOS дабылды білезігін енгізуді ұсынды. Бұл білезікті ата-анасы кілтпен ашып алмаса, бала өз бетімен алып тастай алмайды, бір рет қуаттаса, 24 сағат пайдалануға болады. Балалар көмек қажет еткен жағдайда, дабыл түймешесін басып, белгі бере алатын бұл білезік ерекше қажеттілігі бар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өте қолайлы.

Сарапшылардың пікірінше, болашақта бұл технологияны денсаулығында ақау бар балалар мен  осындай білезіктерге мұқтаж ересектер кеңінен пайдалануы мүмкін.