00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорда халқының саны екі есе өскен

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорда халқының саны екі есе өскен
ашық дереккөз

2009 жылы жүргізілген санақтан бері Нұр-Сұлтан тұрғындарының саны екі есеге артып, 1,23 миллион адамды құрады (2021 жылғы қыркүйекте).

2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша қалада 619 мың адам тұрған.

Республикалық маңызы бар басқа қалалардағы халық саны да айтарлықтай өсті. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша Алматыда халық саны 2,03 миллион адамды құрады, мегаполис тұрғындары 630 мың адамға көбейген.

Шымкент қаласының халқы 430 мың адамға өсіп, 1,1 миллион тұрғынды құрады.