00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алматы ауданының әкімі тұрғындармен кездесті

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алматы ауданының әкімі тұрғындармен кездесті
ашық дереккөз

Алматы ауданының әкімі Мақсат Саматұлы Оңтүстік-Шығыс шағын ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл шағын аудан қаладағы халық тығыз орналасқан аудан және қазіргі уақытта мұнда жол құрылысы, нөсер кәрізі және магистральдық инженерлік желілерді орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Балқантау көшесінің құрылысын 10 күн ішінде аяқтау жоспарланған, содан кейін Жанкент көшесін жөндеу жұмыстары басталады, сондай-ақ Кеңгір көшесінде биыл 15 қыркүйектен кейін магистральдық инженерлік желілерді кесіп өту жұмыстары қайта жанданады. Сондай-ақ, Қалба, Балбырауын және Құмкент көшелерінде нөсер кәрізінің құрылысы жалғасуда.

Кездесуге Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының, мердігерлік ұйымдардың, жергілікті полиция қызметінің, сондай-ақ Gorsvet, Зеленстрой және экожүйе ұйымдарының өкілдері қатысты.

Көшпелі кеңес және тұрғындармен кездесу қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілді.