00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада «Арқар» көпірі 5 қыркүйекке дейін жабылады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада «Арқар» көпірі 5 қыркүйекке дейін жабылады
ашық дереккөз

Бүгін Нұр-Сұлтанда «Арқар» көпірі жабылады, деп хабарлады Elorda.info.

Нұр-Сұлтан қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, 2 қыркүйек күні сағат 20:00-ден бастап 5 қыркүйек күні сағат 06:00-ге дейін "Арқар" (М-1) көпірі және Б.Момышұлы даңғылы мен Р. Қошқарбаев даңғылының қиылысындағы телімі жөндеу жұмыстары жүруіне байланысты толықтай жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептелісті айналып өту үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - деп жазылған хабарламада.