00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл елордада 1-сыныпқа 26 мыңнан астам оқушы барады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл елордада 1-сыныпқа 26 мыңнан астам оқушы барады
ашық дереккөз

Жалпы білім беретін мектептердің желісі жыл сайын артып келеді – оқу жылының басында елордада 152 жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде 225 мыңнан астам бала (өткен оқу жылында – 215 074) оқитын 99 мемлекеттік және 53 жекеменшік мектеп жұмыс істейтін болады, деп хабарлады Elorda.info.

Биылғы жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 26 366 бала (қазақ – 14 663, орыс – 11 703) қабылданды. Өткен оқу жылында 25 349 бала қабылданған.

2022 жылы екі ауысымда оқитын 23 580 оқушы орнына арналған 11 мектеп пайдалануға берілетін болады. Соның ішінде қыркүйек айында 2 мектеп ашылады. «Зәм-зәм» тұрғын үй кешені аумағында орналасқан BINOM мектебі, сондай-ақ Е-22 көшесі мен Тұран даңғылы қиылысында бой көтерген «Future School» мектептері пайдалануға беріледі. Олардағы жалпы оқушы орындарының саны 6 мыңды құрайды.

Биыл мектеп және балалар жиһазы, тамақтандыру блоктарына арналған жабдық, компьютерлік және білім беруді ұйымдастыруға қажетті техника, оқу-зертханалық, спорттық жабдық, сондай-ақ 12 мектепке STEM кабинеттері мен виртуалды зертхана сатып алынды. Жыл соңына дейін 51 кабинетті (химия, физика, биология пәндері кабинеті) жабдықтау үшін жаңа модификациядағы заманауи жабдықтарды сатып алу жоспарланған. Барлық жалпы білім беру мекемелері 100% оқулықпен қамтамасыз етілді.

Мемлекет басшысының «Оқу мектебі» жобасын іске асыру жөніндегі тапсырмасы аясында білім беру ұйымдарының кітапхана қоры 32 мыңнан астам кітап көлеміндегі көркем әдебиетпен толықты. Кітапханалардың интерьерін қайта құру жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда қаладағы 31 (33%) мектепте кітапханалар жаңартылды.

Тағы да бір енгізетін жаңашылдық – барлық мектептерде домбыра үйірмесін ашу, оқушылар қатарынан домбыра оркестрін құру. Бұл оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, балалардың эстетикалық тәрбиесіне жағдай жасауға, қазақ халқының тарихына, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне деген сүйіспеншілікті оятуға мүмкіндік береді.