00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық компания еліміздегі бетон корпусында трансформаторлық қосалқы станцияларды жалғыз өзі шығарады

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елордалық компания еліміздегі бетон корпусында трансформаторлық қосалқы станцияларды жалғыз өзі шығарады
ашық дереккөз

«Спецэлектра» зауыты 2007 жылы құрылған және Нұр-Сұлтан қаласы мен Қазақстан өңірлерін электрмен жабдықтауды дамытуды қайта жаңартудағы негізгі кәсіпорындардың бірі болып саналады. Біз бетон корпусында трансформаторлық қосалқы станцияларды, орташа кернеу ұяшықтарын, төмен кернеу панелінің ұяшықтарын шығарамыз. Сондай-ақ құрғақ трансформаторларды, майлы трансформаторларды жеткіземіз, сол сияқты жалпы энергия жүйелерін қайта құрумен айналысамыз», - деді «Спецэлектра» ЖШС Бас директоры Дәулет Жақыпов.

Компания электротехникалық өнімді өндірумен және сатумен айналысады, оның негізгі бағыттары: бетон корпусындағы жиынтықты трансформаторлық қосалқы станцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық аумағы бойынша ГОСТ және СТ-КZ сәйкестік сертификаттарымен сертификатталған номиналды кернеуі 6, 10, 20, 35кВ электр жабдығын өндіру және жеткізу. Кіріктірілген және жеке тұрған ТП, РП, РТП жабдықтау үшін «Спецэлектра» импорттық, сондай-ақ отандық жоғары технологиялық жабдықты ұсынады.

Компания «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағына (АЭА) қатысты, соның арқасында кәсіпорын мемлекеттен преференциялар алды. Оның ішінде оған жер телімі, сондай-ақ салық және кеден жеңілдіктері берілді.