00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада түркістандық кәсіпкерлер ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізеді

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елордада түркістандық кәсіпкерлер ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізеді
ашық дереккөз

Қуаныш Сапаров облыстар арасындағы жәрмеңкені алғаш болып Түркістан облысы бастайтынын айтты.

Жәрмеңкеге Түркістан облысынан 71 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің өнімдері 40 бірлік жүк көлігімен жеткізілетін болады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтық бағадан 15-20%-ға төмен бағада ұсынылады, - дейді басқарма бастығының орынбасары.

 Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары жәрмеңкеде сатылатын өнімдер туралы айтап өтті.

Түркістандық тауар өндірушілер ет, көкөніс, картоп, сүт өнімдері, бақша өнімдері, жеміс-жидек, бал, жеміс шырындары мен консервіленген өнімдер, балық, жұмыртқа және нан өнімдерін сатады, – деді Нұрбол Бекмұратов.

Айта кетейік, ауыл шаруашылық жәрмеңкесі Тұран даңғылы 48 мекенжайында өтеді.