00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада бірқатар көшеге танымал тұлғалардың есімдері берілді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада бірқатар көшеге танымал тұлғалардың есімдері берілді
ашық дереккөз

Қала әкімдігінің 11 тамыздағы 2022 жылғы 18 тамыздағы № 511-2308 қаулысы мен қалалық мәслихаттың 2022 жылғы 17 тамыздағы № 216/28-VII шешіміне сәйкес

жобалық атауы А82 көшеге Мұхамеджан Тынышбайұлының;

жобалық атауы № 23-15 көшеге Қалибек Қуанышбаевтың;

жобалық атауы Е11 көшеге Әзілхан Нұршайықовтың;

жобалық атауы Е609 көшеге Әшірбек Сығайдың;

жобалық атауы Е613 көшеге Саят Абеевтің;

жобалық атауы Е632 көшеге Тұяқберді Шәмеловтің;

жобалық атауы Е633 көшеге Бақтыгерей Құлмановтың;

жобалық атауы Е635 көшеге Ғазиз Байтасовтың;

жобалық атауы Е809 көшеге Жошы ханның;

жобалық атаулары Е585 және Е865 көшелерге Әмір Едігенің;

жобалық атаулары Е586 және Е875 көшелерге Роза Жаманованың;

жобалық атаулары Е589 және Е611 көшелерге Тұрмағамбет Ізтілеуұлының;

Сығанақ көшесінде орналасқан атаусыз саябаққа «Бухарест» саябағы атауы берілді, – деп жазды басқарма басшысы.

Ал бұрынғы Мұхамеджан Тынышбаев деп аталатын көше Иманжүсіп Құтпанов көшесімен біріктілді.