00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Сарыарқа ауданында газдандырылған нысандар саны 80%-ға артты

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Сарыарқа ауданында газдандырылған нысандар саны 80%-ға артты
ашық дереккөз

Ауданның тұрғын алаптарында жеке және көп пәтерлі үйлер ғана емес, әлеуметтік нысандар да газдандырылуда. Осы жылдың күзінен бастап №19 және №68 мектептер, №85 бөбекжай-балабақшасы, Шейх Кунта Қажы мешіті және «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы газбен жылытылатын болады. Тағы 10 әлеуметтік нысанды газға аудару үшін қосу-реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Газға қосылу үшін қала әкімдігі бірқатар жеңілдіктер қарастырды. Мысалы, әлеуметтік көмек мөлшері 90 АЕК-тен 130 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Енді кейбір абоненттер үйді газға қосу кезінде жұмсалған қаражаттың 413 400 теңгеге дейінгі сомасын қайтара алады. Егер 2021 жылы 77 адамға әлеуметтік көмек көрсетілсе, 2022 жылдың 8 айында мұндай көмек 102 өтініш берушіге мақұлданды. Сонымен қатар, Halyk Bank газға қосылу үшін пайызсыз несие беруде. Тұрғындарға мердігерлер де көмектесуде. Мысалы, кейбір ұйымдар үйдің маңын құрсауды тегін жасайды. Сондай-ақ , экологиялық таза отынға көшуді жеделдету үшін қажетті құжаттар саны екі есеге қысқартылды, - дейді Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының бас маманы Арман Әжікенов. 

Айта кетейік, аудан әкімдігі 5 141 абонентті газдандыруды жоспарлап отыр.