Елорданың үздік дөңгелек жөңдеушісі анықталды
Автокөліктерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыру және мамандықты танымал ету мақсатында ұйымдастырылған байқауға 6 командадан тұратын 12 адам қатысты.
Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 500-ге жуық дөңгелек жөңдеу орталығы бар. Қалада осындай байқау бірінші рет өткізіліп отыр. «Үздік» жобасы аясында жыл соңына дейін 5 техникалық сала бойынша «Үздік аспазшы»,«Үздік сантехник»,«Үздік жиһазшы» және т.б. сала маманына қатысты байқау өткізу жоспарланған,-дейді байқау ұйымдастырушысы Әл-Фараби Аймақ.
Байқау шарты бойынша қатысушылар автокөлік дөңгелегіне монтаж, демонтаж және теңдестіруді жасады. Ал қазылар алқасы жұмыстың сапасы мен уақыты қарай бағалады.
Елордалық Виджайхан Хасанов автокөліктің барлық дөңгелегін жалғыз өзі 15 минутта ауыстыратынын айтты.
Мен бұл салада 15 жыл бойы жұмыс істеп келемін. Дөңгелек жөңдеу үшін ептілік қажет деп ойлаймын. Себебі қалада көліктер саны көп. Орталыққа келген автокөліктерге тез қызмет ету қажет. Әсіресе жазғы және қысқы дөңгелекті ауыстыратын кезде көлік кептелісі болып жатады. Егер екі адам бірігіп жұмыс істесе, 10 минутта жұмысты аяқтауға болады, - дейді байқау қатысушысы.
Байқау қорытындысы бойынша, «Үздік дөңгелек жөңдеушісі» болып қаладағы «Alem Auto Trade» орталығының қызметкерлері атанды. Сондай-ақ өзге командалар «Үздік сапалы жұмыс», «Ең жас маман», «Ең белсенді команда» номинациясына ие болды.
Айта кетейік, жеңімпаздарды марапаттау барлық байқау өткен соң ұйымдастырылады.