Елордада бұқаралық велошеру өтеді
Велоспортшылар 20 шақырым қашықтықты Қосшы айналма веложолынан бастап, Үркер елдімекенінің «Жасыл белдеу» саябағында мәреге жетеді.
Қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу сағат 09:00-ден 09:30-ға дейін жалғасады. Ал велошеру сағат 10:00-де басталады.
Велошеру аяқталғаннан кейін тіркелген қатысушылар арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ойнатылады. Әрбір қатысушы өз велосипедімен шеруге жіберіледі.
Сонымен қатар, қала тұрғындары гір тасын көтеру, қол күрес, арқан тарту, асық ату сынды ұлттық спорт түрлерінен додаға қатысып, бақтарын сынай алады.
Іс-шара спорттық жарыс емес. Оның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және қала тұрғындарын дене шынықтырумен, яғни велоспортпен белсенді шұғылдануға шақыру.
Айта кетейік, іс-шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.