00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық дәрігерлер БҰҰ-ның арнайы медальдарымен марапатталды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық дәрігерлер БҰҰ-ның арнайы медальдарымен марапатталды
ашық дереккөз

Іс-шара барысында төрт медицина қызметкеріне франциялық CIPDH штаб-пәтері Қазақстандағы өкілдігінен медальдар мен ордендер табысталды. Оның ішінде аурухана директоры Гүлнар Құлышева «СIPDH бейбітшілік миссиясының адамы» халықаралық орденімен және тағы үш медицина қызметкері – Мейірімділік және әділдік медальдарымен марапатталды. Орден мен медальдарды франциялық CIPDH штаб-пәтері Қазақстандағы өкілдігінің директоры Шахим Насибов тапсырды.

Сондай-ақ аурухана қызметкерлері денсаулық сақтауға қосқан үлесі үшін «Аманат» партиясының алғыс хаттарымен атап өтілді.

Конституция еліміздегі барлық процестерді реттейді. Естеріңізде болса, 5 маусымда елімізде референдум өткізіліп, онда көптеген маңызды процестерді реттейтін заңның 33 бабына 60-қа жуық түзетулер енгізілген. Конституция күні қарсаңында біз медицина саласының қызметкерлерін құттықтап, атап өткіміз келді. Үздік қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталды, - деді «Аманат» партиясы қалалық филиалының мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеңесінің төрағасы Владимир Савкин.

Сонымен қатар, «Мектепке жол» акциясы аясында «Мереке» қайырымдылық қорының қатысуымен аурухана қызметкерлеріне (дәрігерлер, медбикелер, санитарлар) мектепке баратын балаларына арналған кеңсе керек-жарақтары бар рюкзактар тапсырылды. Бұл – көп балалы отбасылар, жалғыз басты аналар, сондай-ақ мүгедектігі бар балалар өсетін отбасылар.

Өз кезегінде, №2 көпбейінді балалар ауруханасының директоры Гүлнар Құлышева «Аманат» партиясы мен «Мереке» қайырымдылық қорына шараға қатысқаны және медицина қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалағаны үшін алғысын білдірді.