Елордалық полицейлер іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады
33 жастағы ер адам бірқатар алаяқтық жасады деген күдікке ілінгені анықталды. Полицияға алаяқтың құрбаны болған бірнеше қала тұрғыны жүгінген. Анықталғандай, қаскүнем азаматтардың сенімін пайдаланып, IPhone телефонын сатып алу үшін олардың атынан несие ресімдеген және екі күннен кейін несиені жауып, үстінен 40 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы төлеуге уәде берген.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есіл ауданы ПБ қызметкерлері жүргізген кешенді жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта ол екі айдың ішінде жасаған қылмыстың 12 эпизоды дәлелденді, – делінген Polisia.kz хабарламасында.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.