Елордадағы Республикалық бас мешітке имам тағайындалды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Бүгін ҚМДБ төрағасы бас мешіт жамағатына имамды таныстырып, бұйрығын оқып берді.
ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешітке Қанат Қыдырмин имам болып тағайындалсын, - делінген Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығында.
Бас мүфти Қанат Қыдырминнің діни саладағы білімі мен тәжірибесін айрықша атап, жаңа жұмысына сәттілік тілеп, игі істеріне дұға жасады.
Айта кетсек, Қанат Қоянбекұлы осыған дейін Ақмола облысының бас имамы, «Әзірет Сұлтан» мешітінде наиб имам, ұстаз болып жұмыс істеді. Сонымен қатар, ҚМДБ жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры қызметін атқарды.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 12:57
Астаналық жастар тұрғындарды экологиялық акцияға қатысуға шақырды
Бүгін, 12:22
Есірткі өндіретін астыртын зертхана ашқан 3 астаналық бас бостандығына айырылды
Бүгін, 11:47
Елордада танымал әнші Jony-ге көшет сыйлады
Бүгін, 10:35
Татуласу орталықтарында медиатор мен психологтар консультациялар өткізеді