00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада жас жігіт бөтен адамды аяусыз ұрып-соққан

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада жас жігіт бөтен адамды аяусыз ұрып-соққан
ашық дереккөз

Полицияның «102» арнасына Конституция көшесіндегі дәмхананың жанында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Мұнда азамат мас күйінде дәмхана ішінде басқа екі клиентпен жанжалдасып, соңы төбелеске ұласқан.

 Оқиға түнгі сағат 02:00 шамасында болған. 30 жастағы жәбірленуші көңіл көтеру орнына келген.

Кафенің кіреберісінде мәселені шешу барысында оларға 25 жастағы белгісіз жігіт қосылып, агрессивті түрде әрекет етіп, жәбірленушінің бетіне жұдырығымен соққы берген. Жәбірленуші алған соққыдан асфальтқа құлап, есінен танып қалған. Төбелеске қатысушылар оқиға орнынан бой тасалаған, - деп жазылған хабарламада.

Күдікті Сарыарқа ауданының Полиция басқармасына жеткізілді. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша ұсталған азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдіктінің бұндай төбелеске қатысуы бірінші рет емес екені белгілі болды.  Ол 2015 жылы осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Қазіргі уақытта ұсталған ер адам Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның елорда аумағында бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.