00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл елордада апатты жағдайдағы 18 үйдің тұрғындары көшіріледі – Алтай Көлгінов (ФОТО, ВИДЕО)

25 ақпан, 2023
Ғани Атымтай Ғани Атымтай
Биыл елордада апатты жағдайдағы 18 үйдің тұрғындары көшіріледі – Алтай Көлгінов (ФОТО, ВИДЕО)
ашық дереккөз

Биыл апатты жағдайдағы ескі үйлердің арасында қауіпті күйдегі 18 үйдің тұрғындарын көшіреміз. Онда 300-ден астам отбасы тұрады. Мұндай көппәтерлі және жеке үйлердің проблемалары негізінен электр сымдарымен, кәрізбен, сумен, шатырмен, іргетасымен байланысты. Тіпті пәтер ішінде пеш те орнатылған, дәретханасы сыртта орналасқан тұрғын үйлер де бар.

Бірқатар апатты үйлердің тұрғындарымен кездестім. Мәселен Сарыарқа ауданында тұратын тұрғындармен (Рауан тұйық көшесі 15, 16, 17) кездесуде көшу мәселесі талқыланды. Олардың баспанасы апатты ескі үйлер тізіміне енгізілген: қазіргі уақытта оларға арнап жаңа тұрғын үй кешені салынып жатыр, оны жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқтала салысымен Рауан тұйық көшесі 15, 16, 17 мекенжайында тұратын тұрғындарды көшіреміз, – деді қала басшысы.

Елорда Даму бағдарламасы бойынша тұрғындарды қауіпті үйлерден көшіру жұмысы жүріп жатыр. Соңғы 3 жылда апатты үйлерден 700-ге жуық отбасы көшірілді. Бағдарлама басталғаннан бері шамамен 4 мың 200 отбасы көшірілді.

Алтай Көлгіновтің айтуынша, қалада 200-ден астам апатты үй бар. Олар бойынша тиісті жұмыс жоспарлы түрде жүргізілетін болады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша баспана жағдайын жақсарту үшін тұрғын үй кешенін жөндеу, лифтілерді ауыстыру, жеңілдікті әлеуметтік тұрғын үй құрылысы, ұзаққа созылған құрылыстарды аяқтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деді елорда әкімі.