00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада бір айда 114 мас жүргізуші ұсталған

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада бір айда 114 мас жүргізуші ұсталған
ашық дереккөз

Елорда аумағында 19 шілдеден бастап «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Іс-шара басталғаннан бері 16,5 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі тіркелді, оның ішінде мас күйінде 114 жүргізуші ұсталды, көлік құралын басқару құқығы жоқ 312 жүргізуші және автокөлікті басқару құқығынан айырылған 20 жүргізуші анықталды.

Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 3 315 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды.

Полиция қызметкерлері түнгі уақытта Қабанбай батыр даңғылында кезекті мас хәлдегі жүргізушіні ұстады. Mercedes Benz-тің 31 жастағы жүргізушісі көлікті масаң күйде басқарған. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша жүргізушінің орташа ауырлықта мас болғаны белгілі болды. Жүргізушіге қатысты масаң күйде көлік құралын жүргізгені үшін ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жүргізуші қамауға алынып, автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Айта кету керек, аталған құқық бұзушылық үшін баптың санкциясы он бес тәулікке әкімшілік қамауға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.