00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада «Партия келбеті» атты фотокөрме өтті

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада «Партия келбеті» атты фотокөрме өтті
ашық дереккөз

Көрме әр саланың белсенді партия мүшелерін анықтау және қоғамда алатын рөлін насихаттау мақсатында Amanat партиясы елордалық филиалының ұйымдастыруымен өткізілді.

Сондай-ақ, аталмыш іс-шараға партияның ардагерлері, қоғам белсенділері, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері, "Жастар Рухы" жастар қанатының еріктілері және әр саланың белсенді партия мүшелері қатысты.

Фотокөрмеге құрылысшылар, дәрігерлер мен мұғалімдер және барлық сала өкілдерінің күнделікті өмірдегі алынған қызықты суреттері қойылды.

Көрмені тамашалауға келген әріптестер көтеріңкі керемет көңіл-күймен "Бәйтерек" монументінің алаңындағы фотосуреттерді тамашалады.

Сонымен қатар осындай ауқымды іс-шараны пайдалана отырып, партия мүшелеріне жаңа үлгідегі партия билеттері табысталды.

Бүгінгі күннен бастап қойылған фотосуреттерді елорда тұрғындары 30 тамызға дейін тамашалай алады. Партия өкілдері өздерінің ілінген қызықты суреттерін көріп, алған әсерлерімен бөлісті.