00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қоянды су қоймасы аумағынан 19 тонна қоқыс шығарылды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қоянды су қоймасы аумағынан 19 тонна қоқыс шығарылды
ашық дереккөз

Іс-шара жұрт назарын қоршаған ортаның ластану мәселесіне, табиғатты сақтау мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына аударуға бағытталған.

Сенбілікке 6 ұйымнан 80 адам қатысты. Олардың қатарында «Мемлекеттік күзет қызметінің» әскери қызметшілері, «Эко Полигон Астаны» ЖШС, «Clean City NC» ЖШС, «ЖасНұр» өндірістік-шаруашылық кәсіпорны» МКҚК және «Арғын Строй 2015» ЖШС кәсіпорындарының өкілдері бар.

Полигонға 19 тонна қалдық жиналып, шығарылды.