Елордадағы көпірлердің бірі жартылай жабылады
Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің келісімі бойынша 15 тамыз мен 5 қыркүйек аралығында «Арқар» көпірі Мәңгілік ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айрығынан Рақымжан Қошқарбаев даңғылына дейінгі телімінде жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарының басталғаны туралы хабарлайды, - делінген хабарламада.
Осыған байланысты, «Арқар» көпірінде (М-1) осы жылдың 15-24 тамыз аралығында Мәңгілік ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айырығы Рақымжан Қошқарбаев даңғылына дейінгі бағытта және «Арқар» көпірінде 24 тамыз бен 5 қыркүйегі аралығында Мәңгілік ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің Сарайшық көшесі бағытындағы айырығын жабу жоспарлануда. Ведомство елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет екенін ескертті.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген хабарламада.