Қазақстандық боксшы карантин кезінде үйде қалай жаттығуға болатынын көрсетті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстандық боксшы карантин кезінде үйде қалай жаттығуға болатынын көрсетті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122808014182735.webp)
Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев карантин кезінде үйде жасауға болатын жаттығу түрлерін ұсынды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Үйде карантин кезінде жасап көрсеңіздер болады. Ерінбеңіздер. Өйткені сіздің денсаулығыңыз өз қолыңызда. Денсаулығымыз жақсы болуы үшін әрекет етуіміз керек. Жаратқаннан бізге мәлім және беймәлім күнәларымызды кешіруін сұраймыз», – деп жазды спортшы өзінің Instagram-дағы парақшасында. Сондай-ақ ол қандай жаттығу жасау керектігін видеода бөлісті. Естеріңізге салсақ, Мадияр Әшкеев соңғы жекпе-жегін былтыр 9 қарашада өткізген. Сол кездесудің бесінші раундында ол аргентиналық Родольфо Мартинесті төрешілердің техникалық шешімімен жеңіп, WBC-дің орта салмақтағы бос тұрған титулын жеңіп алған болатын.
![Қаржылық пирамиданың басшысы Астана әуежайынан Түркияға ұшайын деп тұрған жерінен ұсталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935358821443800.webp)
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)