Коронавируспен күрес үшін 25 наурызда 21 млрд теңгеден астам қаржы аударылды – Абаев
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Коронавируспен күрес үшін 25 наурызда 21 млрд теңгеден астам қаржы аударылды – Абаев](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122807641098331.webp)
ашық дереккөз
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев билік тарапынан коронавирус инфекциясымен күрес үшін қаржы үш рет бөлінгенін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Коронавируспен күрес үшін үкімет резервінен қаржы үш рет бөлінді. Оның бірінші траншы 29 қаңтарда 1 млрд 609 млн теңге, 21 ақпанда қосымша 428 млн 227 мың теңге, үшінші рет 25 наурызда 21 млрд 430 млн 635 мың теңге аударылды. Бұл қаржы дәрі-дәрмектер, медициналық заттар және лабораториялық құрал-жабдықтар алу үшін жұмсалды. Олардың қатарында тиісінше бетперде, қолғап, қорғаныс киімдері және тест жүйелері бар», - дейді ведомство басшысы. Айтуынша, бұл шығындар тұрғындарды жедел медициналық эвакуациялауға да жұмсалыпты.
Ұқсас жаңалықтар
![Қаржылық пирамиданың басшысы Астана әуежайынан Түркияға ұшайын деп тұрған жерінен ұсталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935358821443800.webp)
Бүгін, 20:05
Қаржылық пирамиданың басшысы Астана әуежайынан Түркияға ұшайын деп тұрған жерінен ұсталды
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
Бүгін, 15:51
Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
Бүгін, 09:15
Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
Бүгін, 09:05
Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты