00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жаз басталғалы 10 мыңға жуық елордалық бала тегін кино тамашалаған

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жаз басталғалы 10 мыңға жуық елордалық бала тегін кино тамашалаған
ашық дереккөз

Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәслихатында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы директорының шығармашылық қызмет бойынша орынбасары Серік Нұрмолдаев айтты.

Бізде балаларға арналған «Жазғы кино» атты жобамыз бар. Бүгінгі таңда 10 мыңға жуық астаналық бала тегін кино көру мүмкіндігіне ие болды. Аталған шара «Қазақфильм» және отандық киноны қолдау орталығының қолдауымен ұйымдастырылды. Бастысы балалар риза, ата-аналары да алғысын білдіріп жатыр, - деді ерік Нұрмолдаев.

Оның айтуынша, балаларға тегін кино көрсету дәстүрі әрі қарай да жалғаса бермек.