00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

80 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті

29 қараша, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
80 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Педагогтердің біліктілігін арттыруға арналған тегін курстар аяқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Биыл  80 мыңнан астам педагог пен білім беру ұйымдарының басшылары оқудан өтіп, біліктілігін арттырды.

Курсқа қатысушылардың жартысынан көбі – ауыл мектептерінің мұғалімдері. Бұл  - 46 074 педагог. Сондай-ақ 62 мың педагог мемлекеттік тілде білім алды.

 Оқыту 56 білім беру бағдарламасы бойынша жүргізілді. Олардың ішінде құндылыққа бағдарланған тәсілді қолдану, арт-педагогикалық технологиялар және пәндік құзыреттілікті дамыту бойынша бағдарламаларға ерекше назар аударылды. Біліктілікті арттыру курстарында мұғалімдер теориялық материалдармен жұмыс істеумен қоса, практикалық тапсырмаларды да орындады. Курсты аяқтағаннан кейін оларға курстан кейінгі қолдау көрсетіледі.

«Білім сапасын арттыруда мұғалімдердің үздіксіз дамуы басты рөл атқарады. Әлем мұғалімдерден білім беруді ғана емес, сонымен бірге шабыттандыруды, бағыт беруді және өзгермелі жағдайларға бейімделуді талап етеді. Біздің орталықтың оқытушылары 3 160 курс өткізді, онда 81 803 педагог, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің 11 965 педагогі, мектептердің 68 458 педагогі және колледждердің 1380 педагогі оқытылды», - деді «Өрлеу» Басқарма Төрағасы Айдана Шилибекова.


Естеріңізге сала кетейік, курстар биыл ақпан айында басталды. Ол мұғалімдерді қолдау мақсатында жыл сайын өткізіледі. Мұндай курстар білім сапасын арттырып, мұғалімдердің кәсіби өсуіне септігін тигізеді.