Елордада бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталды
Гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз немесе бір реттік жиынтық төлемді төлейтін дара кәсіпкер ретінде грант алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.
Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:
- 29 жасқа дейінгі жастар,
- аз қамтылған отбасы мүшелері – АӘК алушылар,
- көпбалалы отбасы – көпбалалы отбасылар бойынша жәрдемақы алушылар,
- қандастар, қоныс аударушылар,
- жәрдемақы алатын мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғалар,
- еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдарды (мүгедектер),
- асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар тиісті қаржы жылының республикалық бюджеті туралы заңда белгіленген 400 АЕК-ке дейінгі мөлшерде (2022 жылға 1 225 200 теңгені құрайды) өтеусіз және қайтарымсыз негізде бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын Ұлттық жобаға қатысушыларға бір рет беріледі.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант алу үшін өтініш беруші «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталының ішкі жүйесі болып табылатын business.enbek кәсіпкерлік бастамаларды қолдау порталында өтінім береді.
Грант алудың міндетті шарттары:
1) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуды аяқтау туралы сертификаттың болуы 3 жыл ішінде сертификатты алған күннен бастап есептеледі;
2) үміткердің порталда белгіленген талаптарға сәйкестігіне нәтижелердің болуы;
3) комиссияның оң шешімінің болуы.
Грант алу үшін өтінімдер лектер бойынша:
I лек (2022 жылғы 1-14 сәуір), II лек (2022 жылғы 8-19 тамыз), III лек (2022 жылғы 29 тамыз-9 қыркүйек), IV лек (2022 жылғы 19 -30 қыркүйек), портал арқылы «Business.enbek.kz» онлайн режимінде жүзеге асырылады.
Толық ақпарат алу үшін Бейбітшілік көшесі 9, мекенжайына хабарласуға болады. Тел.: 24-94-72, 24-96-44, 8-700-956-98-10.