Елордада пайдаланылған маскалар мен қолғаптарды жинауға арналған экобокстар орнатылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада пайдаланылған маскалар мен қолғаптарды жинауға арналған экобокстар орнатылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17212280363720531.webp)
Пайдаланылған қорғау құралдарын жинау және жою үшін арнайы экобокстар орнатылды. Бұл туралы Елорда Инфо қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиевке сілтеме жасап хабарлайды. Пайдаланылған қорғау құралдарын (маскалар, қолғаптар, салфеткалар және антисептиктер) жинауға арналған 80-нен астам арнайы контейнерлі эко бокстарды орнатудың орындары анықталды. «Экобокстерді орнату жиі баратын орындарда, супермаркеттерде, гипермаркеттерде және карантин кезеңінде жұмыс істейтін сауда үйлерінде жүргізілді. Атап айтқанда: «Астаналық» (Артём) базары;«Әсем» базары; «Шапағат» базары; «Әлем» базары;«Magnum», «Гастроном» гипермаркеттері;«Small», «Астықжан» «Рамстор» «Анвар» «КеңМарт» супермаркеттері;«Хан Шатыр» «Mega Silk way» «Керуен City» «Керуен» «Astana Mall» «Евразия» «Abu Dhabi Plaza» «Сарыарқа» ОСО, «Қазмедиа» орталығы», деп көрсетті А.Қайсағалиев.
![Қаржылық пирамиданың басшысы Астана әуежайынан Түркияға ұшайын деп тұрған жерінен ұсталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935358821443800.webp)
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)