Карате: Азия чемпионаттары кейінге қалдырылды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Карате: Азия чемпионаттары кейінге қалдырылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122800513858585.webp)
ашық дереккөз
Коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылғы каратеден Азия чемпионаттары кейінге шегеріледі, деп хабарлайды Елорда Инфо оlympic.kz сайтына сілтеме жасап. Ересектер, жастар, жасөспірімдер мен 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия біріншіліктері кейінге қалдырылып отыр. Аталған додалар 2021 жылдың қазан айына дейінгі уақытқа шегерілді. Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты 10-12 шілде күндері Кувейтте өтуі тиіс еді. Ал ересектер арасындағы құрлықтық біріншілік алғашқыда Балиде 4-6 қыркүйек күндері өтеді деп жоспарланған болатын. Ұйымдастырушылар COVID-19 эпидемиясының әлемдегі жағдайын ескере отырып, спортшылар мен қатысушылардың қауіпсіздігін қатерге тікпес үшін осындай шешім қабылдағанын айтты.
«Пандемияның өршуі бізге жарыс өткізуге мүмкіндік туғызбай отыр», - деген AKF ресми мәлімдемесінде.
Ұқсас жаңалықтар
![Қаржылық пирамиданың басшысы Астана әуежайынан Түркияға ұшайын деп тұрған жерінен ұсталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935358821443800.webp)
Бүгін, 20:05
Қаржылық пирамиданың басшысы Астана әуежайынан Түркияға ұшайын деп тұрған жерінен ұсталды
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
Бүгін, 15:51
Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
Бүгін, 09:15
Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
Бүгін, 09:05
Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты