00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілер ұсталды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілер ұсталды
ашық дереккөз

Полицейлер «Hyundai Accent» және «Volkswagen Vento» маркалы автокөліктерінің жүргізушілерін ұстады.

Күндізгі уақытта Керей-Жәнібек хандар көшесінің бойында полиция қызметкерлері «Hyundai Accent» маркалы көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарып келе жатқан 26 жастағы қызды ұстады.

Құжаттарды тексеру кезінде, осы жылдың наурыз айында жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін сот шешімімен ҚР ӘҚБК 608-бабына сәйкес 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.   

Сол күні полицейлер «Volkswagen Vento» маркалы автокөлігін көлік құралын басқару құқығынсыз басқарған Ақмола облысының 47 жастағы тұрғынын ұстады. Жүргізуші бұған дейін сот шешімімен 2028 жылдың ақпанына дейін басқару құқығынан айырылғаны анықталды. 

Жүргізушілерге ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік жаза тағайындалды, оларға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынады.

Автокөліктер коммуналдық тұраққа орналастырылды.  

Елордада 19 шілдеден бастап жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері шамамен 6 814 ЖҚЕ бұзушылық анықталды, оның ішінде бұрын көлікті басқару құқығынан айырылған 8 жүргізуші ұсталды. Сонымен қатар, көлік жүргізу құқығынсыз 92 жүргізуші мен мас күйінде 50 жүргізуші анықталды. Коммуналдық тұраққа 185 автокөлік орналастырылды, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.