00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық емханада кітапхана ұйымдастырылды

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елордалық емханада кітапхана ұйымдастырылды
ашық дереккөз

«Акция аясында біз Нұр-Сұлтан қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесімен бірлесіп BookCrossing сөрелері бар кітап шкафын ұйымдастырдық. Әр түрлі жастағы балаларға арналған алуан түрлі тақырыпты қамтитын кітаптар сыйға тартылды, сондықтан кішкентай оқырмандар кітапхана қорынан міндетті түрде өздеріне ұнайтын кітап таба алады», - деді №8 қалалық емхананың оңалту бөлімінің аға медбикесі Мадина Кальжанова.

Кітапханашылар әдебиеттің бірнеше топтамасын дайындады. Олардың арасында детективтер, әйелдерге арналған романдар, фантастика, классиктердің шығармалары және өлеңдер де бар. Бұл – елорда тұрғындары өздерінің жеке кітапханаларынан сыйға тартқан кітаптар. Кітап сөрелері оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын сақтау мақсатында әр түрлі әдебиеттермен үнемі толықтырылып отырады.

Кітап шкафы А.Иманов көшесі, 44, 10-ғимарат мекенжайында № 8 қалалық емханасында орналасқан.