Елордада мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтуға арналған ат спорты кешені ашылмақ
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Мұнда төбесі жабылған манеж, ашық трибуналар, конкурс және жаттығуларға арналған алаңдар салынып жатыр. Әріптестеріммен бірге бүгін құрылыс барысымен танысып қайттым. Емдеу кабинеттері, олардың жабдықталуына ерекше назар аудару қажеттігін ескерттім. Сонымен қатар, иппотерапиямен ем қабылдаушыларға барынша жағдай жасау үшін қосымша кеңейтілген оңалту орталығын ашу қажеттігі де назардан тыс қалмады. Елордамызда ғана мұндай ем-домға шамамен екі мыңға жуық адам мұқтаж. Мамандардың айтуынша, дәл осындай әдіс біздің елімізде өз тиімділігін дәлелдеді. Қазір оң нәтиже көрсетіп отыр екен, - деп жазды Е.Каналимов.
Ұқсас жаңалықтар