00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада бокстан халықаралық турнир өтті

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елордада бокстан халықаралық турнир өтті
ашық дереккөз

Турнирдің салтанатты жабылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев, Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Самат Жылқыбаев, Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев және 1996 және 2000 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері елімізге белгілі боксшы Болат Жұмаділов қатысып, жеңімпаздарды марапаттады.

Айта кетейік, қала күніне орай Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өткен «Елорда кубогы» 29 маусымнан 4 шілдеге дейін жалғасты. Бұл турнирге 10 елден 250-ден астам былғары қолғап шебері 25 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады. Ерлер арасында 13 салмақ, әйелдер арасында 12 салмақ бойынша үздіктер анықталды.

Тұңғыш рет ұйымдастырылғанына қарамастан, төрткіл дүниенің кіл мықтылары жиналғандықтар, турнирге қатысушылар бұл доданы «Кіші Әлем чемпионаты» деп атап кетті.

Дүбірлі доданың финалына 50 боксшы шықты, оның 23-і – қазақстандық. Ақтық айқасқа жолдама алғандардың ішінде әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері және Олимпиада ойындарының қатысушылары да болды.

Сонымен, елордалық ағайынды-егіздер Оралбай Нұрбек пен Айбек, Валентина Хальзова, Теміртас Жүсіпов, Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Серік Теміржанов, Асланбек Шымбергенов, Жайна Шекербекова және Карина Ибрагимова Қазақстанның ғана емес, әлемнің де үздігі екенінін кезекті рет дәлелдеді. Соның ішінде ерлер құрамасындағы капитаны Асланбек Шымбергенов 67 келідегі әлем чемпионы жапон Севон Оказаваны жеңді.

Жарыс қорытындысына келер болсақ, Қазақстан құрамасы бұл турнирде 16 алтын, 7 күміс, 20 қола, яғни барлығы 43 медаль жеңіп алды.

Командалық рейтингте екінші орынға 3 алтын, 7 күміс, 2 қоламен Қытай құрамасы орналасты. Ал, үздік үштікті түйіндеген Өзбекстан құрамасының қоржынында 2 алтын, 5 күміс, 8 қола медаль бар.

Ал жекелей номинацияда турнирдің үздік боксшысы атағын ерлер арасында Сәкен Бибосынов жеңіп алса, әйелдер арасында қытайлық Янг Венлу үздік деп танылды.