00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада жекеменшік балабақша ашылды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада жекеменшік балабақша ашылды
ашық дереккөз

Елордада «Baby boom education» аталатын балабақша желісі бар. Бүгінде тұрғын үй жанындағы шағын балабақша саны 15-ке жетті.

Біздің балабақшаларда 60 баладан артық бала болмайды. Әр  топта 15-20 баладан есептейміз.  Балаларды 5 рет тамақтандырамыз. Бүлдіршіндер ұзақтығы жарты сағаттан аспайтын шағын сабақтарға қатысады. Ағылшын тілі, каратэ және логопед-дефектолог сияқты қосымша сабақ түрлерін де қарастырдық, - дейді балабақшалар желісінің негізін қалаушы Аида Азаматқызы.

Балабақшаның ашылу салтанатында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Ата-аналар жаңа балабақшаны аралап, мұғалімдермен танысты.,

Балабақша кең, жарқын, бәрі жаңа. Менің ойымша, мұнда балаларға ыңғайлы болады. Ойыншықтардың кең ассортименті бар. Біз дүйсенбіден бастап өз баламызды осында беруді жоспарлап отырмыз. Балабақшаның құны айына 120 мың, - дейді елордалық Ақмарал Назарбекова.