Елордада екі күнде 700-ге жуық жол ережесін бұзу фактісі тіркелді
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Екі күн ішінде жедел алдын алу іс-шарасы барысында 700-ге жуық жол қозғалысы ережесін бұзушылық анықталды, оның ішінде 3 жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шығып, 2 мас жүргізуші ұсталды.
Жаяу жүргіншілер өткелінен өткені үшін 14 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, 5-еуі авариялық жағдай жасаған және 24 жүргізуші көше қиылысынан бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп кеткен.
Сонымен қатар, «Қорғау» мобильдік қосымшасының көмегімен 100-ге жуық жүргізуші әкімшілік құқықбұзушылық бойынша берешектері туралы хабарланды, Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық тұрағына 15 автокөлік қамалды.
Ұқсас жаңалықтар