Пандемия басталғалы елордада 3,3 миллионнан астам ПТР тестілеу жүргізілген
Бүгінде стационарлардағы төсек-орын қуаттылығы 634 төсек-орынды құрайды, оның ішінде 75-і - реанимациялық төсек-орын. Қазіргі уақытта коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеу үшін 7 инфекциялық стационар жұмылдырылған.
Бүгінгі таңда, инфекциялық стационарларда 260 науқас жатыр, 238 адамнан коронавирус анықталса, 22 пациент пневмониядан емделуде, осылайша жүктеме 41%-ды құрап отыр. 17 пациент жансақтау бөлімінде, 2 адам ИВЛ аппаратында ем қабылдауда, - деді Тимур Мұратов.
Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысының айтуынша, ем алып жатқан пациенттердің арасында бұрын вакциналанғандар саны – 107 адам болса, 153 адам коронавирусқа қарсы екпе алмаған.
Пандемия басталғалы бері қаламызда 3,3 миллионнан астам коронавирус инфекциясының ПТР диагностикасы жүргізілген. Өткен тәулік ішінде 586 жаңа жағдай анықталды. Соңғы 3 аптада орташа есеппен тәулігіне 150-ге жуық жағдай тіркеліп, 20 адам ауруханаға жатқызылады, - деп атап өтті Т.Мұратов.