00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алтай Көлгінов алты айда 600-ден астам отбасыны қабылдады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алтай Көлгінов алты айда 600-ден астам отбасыны қабылдады
ашық дереккөз

Әдеттегідей азаматтарды қабылдадым. Алғашқы жарты жылда жеке қабылдауымда 600-ден астам отбасы болды. Азаматтарды жеке қабылдауды орынбасарларым, аудан әкімдіктері, басқарма басшылары жүргізеді. Жалпы 3 мыңға жуық адам қабылданды.

Негізгі мәселелер баспанаға және әлеуметтік көмекке қатысты екенін ескерер болсақ, осыған дейін ашылған әлеуметтік орталықтарымыз көмектеседі. Мәселен «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы (Бейбітшілік көшесі, 14) 20 мыңнан астам адамды қабылдады. Тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық (Республика даңғылы, 32) тағы 25 мыңнан астам адамға көмек көрсетіп, кеңес берді.

Азаматтарды қабылдау барысында көтерілген сұрақтар бойынша жұмыс істейміз. Оларды жүзеге асыру уақыты белгіленеді, – деп жазды А.Көлгінов.