Алтай Көлгінов: LRT-да 8 станса болады
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
LRT құрылысын жалғастыру үшін бастапқы қаржыға қарағанда екі есе аз қаржы қажет. Жоба бойынша 18 станса жоспарланған болса, біз әзірге тек сегіз стансаны ұсынып отырмыз. Бұл жобаны жалғастыруға қажет бюджетті қысқартады, – деді қала әкімі.
Айта кетейік, тек елордада ғана емес, мемлекет негізінде талқыланған LRT жобасы жалғасады.
Қала әкімдігі жобаға қатысты ұсыныстарды қабылдады. Деректерге сәйкес, келіп түскен ұсыныстардың 51 пайызы LRT жобасын жалғастыруды, 42 пайызы оның баламалы жолын қарастыруды және 7 пайызы ғана LRT-ны бұзуды жөн көрген.
Ұқсас жаңалықтар