00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Құрылыс жұмысын жүргізетін ұйымның өткен тарихын зерттеу керек – Көлгінов

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Құрылыс жұмысын жүргізетін ұйымның өткен тарихын зерттеу керек – Көлгінов
ашық дереккөз

Елордада құрылысы ұзаққа созылған нысандардың жұмысын аяқтау бойынша жүйелі жұмыс жүріп жатыр. 16 мың үлескер отбасының 13 мыңының проблемасы шешілді. 90 проблемалық көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды. 

Мемлекет тарапынан құрылыс салушыларға қойылатын талаптар күшейтілді: егер құрылыс салушы нысанды аяқтауға жеткілікті қаражаты болмаса пәтерлерді сата алмайды. Сондай-ақ ТҚКҚ (тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры) кепілдігі болуы тиіс. Әзірлеушінің банк кепілдігі болуы керек, компанияның жағдайы да тексеріледі. Сондай-ақ әкімдіктің ресми аккаунттарында және БАҚ-та біз құрылыс жұмысын жүргізетін күмәнді ұйымдардың тізімін тұрақты түрде жариялаймыз, – деді Алтай Көлгінов.